Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Донорларды іріктеудің тәртібі

Донорларды іріктеудің тәртібі
Ашық дереккөз
Қазіргі уақытта Қазақстанның өндірістік трансфузиологиясының ең басты міндеті – қанның 100 пайыз қауіпсіз компоненттерімен қамтамасыз ету. Облыстық қан орталығында қан тапсыру үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Қан мен оның компоненттерін тапсыру үшін донорларды іріктеу – сапа кепілдігінің маңызды құрамдас бөлігі және қауіпсіздіктің басым қағидаттарының бірі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы №140 «Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қан, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес міндетті түрде келіп түсетін медициналық мақсаттағы бұйымдарға (қан жинауға арналған контейнерлер, реагенттер, тест-жүйелер, дезинфекциялау құралдары және басқа материалдар) бақылау жүргізіледі. Облыстық қан орталығы дайын қан өнімін беру кезінде медициналық ұйымдардан өтінімді рәсімдеудің болуы және дұрыстығын, тасымалдауға арналған арнайы контейнерлердің болуын (термоконтейнерлер) және берілген өнімді тіркеу және есепке алуды бақылайды.

Медициналық персонал қан өнімдерін тасымалдау кезінде медициналық ұйым ішіндегі өнімнің қозғалу тәртібі, «суық тізбекті» қамтамасыз ету және сақтау, тасымалдау уақыты мен ұзақтығы, тағайындалған жерге келген кезде қан мен оның компоненттерінің қаптамасының тұтастығын сақтауды бақылайды. Ал сапаны басқару және ішкі аудит бөлімі стерильділікке зертханаішілік қан компоненттерін дайындау қорабындағы ауаның микробтық контаминациясын, бокстағы қан өнімдерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің қолының тазалығын, дайындалған компоненттер мен қан препараттарының стерильділікке сынамаларын қадағалайды.

Сондай-ақ сапаны бақылау және ішкі аудит бөлімі «Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдануға арналған қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» №113 бұйрыққа сәйкес қан мен оның компоненттерінің сапасына тұрақты бақылау жүргізеді. Қан мен оның компоненттерінің сапасын қамтамасыз ету және оларды дайындау мен өндіру кезінде сапаны бақылауды жүзеге асыру пациенттерді емдеуде қауіпсіздікті, биологиялық толықтығын және клиникалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Әсел Құлымбетова,

облыстық қан орталығының

сапаны бақылау және ішкі

аудит бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар