Әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды
- author AR-AY
- 15 наурыз, 2024
- 220
– Енді келу тәртібін талап ететін қызметтер цифрлық форматқа ауыстырылды. Бейбіт уақытта әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеу туралы куәліктер, әскери қызмет өткермегендерге әскери билеттер беру тоқтатылды.
17 жастағы жігіттер енді жеке істерін жинап, әскери комиссариаттарға тіркеуге келудің қажеті жоқ. Ол жүйелердегі қолда бар деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады, – дейді ҚР Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров.
Тұрғылықты жерін жаңа тіркеу бойынша ауыстырған кезде азаматтар автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына бекітіледі.Қызметтерді автоматтандыру азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін де жеңілдетеді. Жұмыс берушіге енді қызметкерден әскери билет немесе тіркеу куәлігін талап етудің қажеті жоқ. Барлық деректер «eGov» порталында азаматтың жеке кабинетіндегі «Әскери қызмет» бөлімінде бар.
Егер ондағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе немесе жоқ болса, ресурс пайдаланушылары жеке кабинеті арқылы «Мәліметтерді өзектендіру/түзету» мемлекеттік қызметін алуға өтінім бере алады және тиісті құжаттарды қоса бере алады.Зейнетке шыққан кезде әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама алу үшін жергілікті әскери басқару органына жүгіну қажеттілігі жоғалады.
Қайсар Болсын,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ облыс бойынша филиалының Бірыңғай
байланыс орталығы бөлімінің маманы
Өткеннің өнегесі – ұрпаққа ұлағат
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024