Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда тәркіленген алкоголь өнімдерін тығып қойып сатқан кәсіпкер сотталды

Таразда тәркіленген алкоголь өнімдерін тығып қойып сатқан кәсіпкер сотталды
ашық дереккөз
Таразда тәркіленген алкоголь өнімдерін тығып қойып сатқан кәсіпкер сотталды
Таразда тәркіленген алкоголь өнімдерін тығып қойып, кейін жасырын саудалап келген кәсіпкер сотталды. Оңай олжаға кенелгесі келген саудагер бір жыл үш айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Төрт жыл бұрын кәсіпкер басқарған мекеме қоймасынан 170 мың шөлмек заңсыз алкоголь табылған. Артынан әкімшілік іс қозғалып, құжаты жоқ ішімдіктерді сатуға толық тыйым салынған. Алайда экс-басшы есікке қара құлып салып, төрт жыл бойы тұрған тауардың бәрін шетінен сатып отырған. Тіпті құзырлы органның ескертуін елемей, заңсыз ісін жалғастыра берген. Енді ол 110 млн теңге мемлекетке келген шығынды да өтеуге тиіс. Ал қоймадағы алкоголь Ресейден әкелінген дейді покуратура өкілдері.
"ҚК 425-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жыл кез-келген меншік нысаны ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылып, бас бостандығынан айырылады", - дейді Тараз прокуратурасының аға прокуроры Әлима Далешова.