Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бишімбаев соты: Айыптаушы прокурор мәлімдеме жасады

Бишімбаев соты: Айыптаушы прокурор мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Бишімбаев соты: Айыптаушы прокурор мәлімдеме жасады
Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Қылмыстық істі Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарап жатыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Оған мемлекеттік айыптаушы бірнеше мәлімдеме жасады. – Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелген. – Бишімбаев жәбірленушінің барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық тәуелді етті. – зорлық-зомбылық және жүйелі физикалық зорлық көрсеткен. – 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған. – Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған, бірақ ағасы ажырас дегенде бас тартқан. – 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшу керектігін айтады. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда Бишімбаев әйеліне оған физикалық күш көрсетуді жалғастырды. Айта кетейік, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар