Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"Әбіш оқуларынан" жеңіспен оралды

"Әбіш оқуларынан" жеңіспен оралды
Ашық дереккөз
Талас ауданының Көшек батыр ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің оқушылары қай кезде де өздерінің озық білімі мен таланттарының арқасында алтын ұяларының абыройын асқақтатып жүр.

 Жақында аталған білім мекемесінің 10-сынып оқушылары Қаратау қаласында өткен республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жеңімпаз атанды. Дарынды өрендер автордың «Елең-алаң» романы бойынша сахналық көрініс қойып, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына ие болды. Қойылымның сәтті шығуына Толғанай Кеңесбек, Дәулет Білтен, Санжар Қыдырбай, Аян Абылай, Жандос Қайрат секілді өнерлі оқушылар үлесін қосты.

Балалар жастығына қарамастан шынайы ойындарымен ерекшеленіп, көріністе айтылмақ болған негізгі ойды жеткізе білді. Осылайша жоғары деңгейде өнер көрсеткен мектебіміздің мақтаныштары қазылар алқасының шешімімен I орынға лайық деп танылып, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Сонымен қатар 11-сынып оқушысы Жаннұр Елемес иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша III орынды иеленді.

Талантты жастарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасады. Оқушыларының үлкен тұлға болып қалыптасуы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төгіп жүрген мұғалімдеріміздің жұмысына табыс тілейміз! Ауылымыздың, мектебіміздің мақтанышына айналған оқушыларымыз алдағы уақыттарда да биік белестерден көріне берсін. Өнерімен өрге жүзген өрендеріміз аталмыш байқаудың облыстық кезеңінен де жеңіспен оралатынына сенімім мол.

Гүлшат Қыдырмашева,

Көшек батыр ауылы, Талас ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар