Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚОРДАЙЛЫҚ БИШІЛЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ҚОРДАЙЛЫҚ БИШІЛЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
ашық дереккөз
ҚОРДАЙЛЫҚ БИШІЛЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Жуырда халықаралық «Silkway stars» комитетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен көпжанрлы «Silk Way Talents» халықаралық байқауына Қордай аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Нұрсұлтан», «Махаббат» би ансамбльдері және «Грация» би тобы қатысты. Байқауда еліміздің 14 облысынан жиналған 43 би ұжымы, 1 000-нан аса қатысушы бақ сынады. Байқау нәтижесі бойынша «Нұрсұлтан» би ансамблі өзгелерден оқ бойы озып шығып, бас жүлде иеленді. «Махаббат» би ансамблі жүлделі І орынды жеңіп алса, «Грация» би тобы ІІ орынға қол жеткізді. Сонымен қатар аталған би ансамблінің жетекшісі, «Қазақ би мұнарасы» қойылымдарының үздігі, хореограф Зияш Еркебекқызы арнайы статуэткамен және «АМАNАТ» партиясы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Жүсіпованың алғыс хатымен марапатталды. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы жерлестеріміздің жоғары кәсібилігі мен ерекше талантын атап өтіп, жетекшісіне деген ыстық ықыластарын білдірді. Жеңіс тұғырынан көрінген аудандық мәдениет үйі ұжымының алатын асуы алда екеніне сенеміз! «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар