Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды – министр

Енді ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды – министр
ашық дереккөз
Енді ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды – министр
Енді елімізде ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Мәжілістің жалпы отырысынан соң министрге «Ерлан Сыдықов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болғанына биыл 13 толады. Бұл тым ұзақ емес пе?» деген сұрақ қойылды. Саясат Нұрбек енді университет ректорлары қызметінде ұзақ отырмайтынын жеткізді.
Ұлттық университеттер ректорларының мерзімін 3 жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Шын мәнінде, 13 жыл – ұзақ мерзім. Сондықтан қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Онда жаңа қағидаттар қабылданады, - деді министр.
Оның айтуынша, республикалық комиссияның отырысында ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы қаралады. «Соңғы 10 жылда министрлік арнайы академиялық автономия принциптеріне көшіп жатыр. Бұрынғыдай министрдің тікелей ректорды тағайындап, оны үстінен бақылап отыруы принциптерінен бас тарттық. Бүгінде шетелдік форматқа көшіп жатырмыз. Енді ректорлармен директорлар кеңесі немесе қамқоршы кеңесі арқылы жұмыс істейміз», - деді Саясат Нұрбек
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар