Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қызыл тіл, суырыпсалма шешен»: Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды

«Қызыл тіл, суырыпсалма шешен»: Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды
ашық дереккөз
«Қызыл тіл, суырыпсалма шешен»: Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды
 Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
«Шіркін, біздің министрлеріміз сіз сияқты қызыл тіл, суырыпсалма шешен болса, барлық сұраққа жауап болатын еді. Әдемі өлең сияқты сізді қазір тыңдап отырмыз. Дүйсенбі күні Алматыда үлкен жер сілкінісі болды. Күні кеше мен Алматыдағы сеймология институтының қызметкерлерімен кездестім. Жаңа ғана сіз Үкіметтен қолдау көрсетіліп жатыр деп бірталай іс-шараны айтып жатырсыз. Іс жүзінде Сейсмология институтының қызметкерлері бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбады. Ғылыми жобаны министрлікке жіберсе, оны қайтарып жіберіп жатыр. Бүкіл қаржыландырудан қысқартып тастады. Олар айлығын да алмайды. Міне, сондай дәрежеге жетіп отыр. Ал сеймостанциялардың өзі қаңылтыр темір, оны музейге де қабылдамайды. Міне, қазір сейсмоқауіпсіздіктің дәрежесі осындай», – деді депутат.
Ол сейсмолог ғалымдардың айтуынша, бұл қателік деп отыр. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару керек деп санайды.
 «Тыңдаңыз. Екіншіден, заң жобасын қарап отырмын. Көп нәрсе жазылған, бірақ түйін өте аз. Басқаша айтқанда, экономикалық ынталандыру механизмдері өте аз. Заң шикілеу сияқты. Неге заң жобасының өзінде ғылыми институттарды қолдаудың экономикалық тетіктері көрсетілмеген?» – деді Бақытжан Базарбек
 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар