Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШАРШАМА, «ШАПИТО»!: Таразда бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлаған цирк кеші өтті

ШАРШАМА, «ШАПИТО»!: Таразда бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлаған цирк кеші өтті
ашық дереккөз
ШАРШАМА, «ШАПИТО»!: Таразда бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлаған цирк кеші өтті
Жуырда Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы саябақта Балалар жылына орай 600 ерекше бала тегін цирк өнерін тамашалады. Бүлдіршіндерге айрықша көңіл күй сыйлаған цирк қойылымына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты. – Тараз қаласына алғаш рет қойылыммен келіп отырмыз. Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға цирк қойылымдары тегін көрсетіледі. Осы орайда ерекше қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне және Тараз қаласы әкімдігіне үлкен алғысымды білдіремін. Айта кету керек, біз Қазақстандағы ең алғашқы жануарларсыз өнер көрсететін цирк ұжымымыз. Өйткені біздің пайымымызша циркте барынша адамның мүмкіндігі көрсетілуі керек. Сондықтан бізде көбіне акробатика, гимнастика, фокус көрсету сынды бағдарламалар бар. Тіпті Қазақстан бойынша бірегей адамдар біздің топта жиналған десек, артық айтпаған болар едік, – дейді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғанов. Аймақ басшысының тікелей қолдауымен өткен цирк кешіне қонақтар арнайы Алматы қаласынан келіпті. Цирк өнерінің майталмандары жамбылдық көрермендерге «Шапито» цирк ұжымының қызықты бағдарламасын көрсетті. Қойылымдар балалардың да көңілінен шықты. Циркке қатысушылардың ең жасы он екіде. Олар өздерінің бес минуттық қойылымы үшін күніне бірнеше рет жаттығу өткізетінін жасырмады. Әрі қиындығына шыдап, ащы тер төккен істің жемісі тәтті болатынын да айтып өтті.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар