Тіл - ең асыл құндылық
Елімізде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар, атап айтқанда осы күні қазақ халқының тағдыры және тілі үшін күрескен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
«Тіл туралы» Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – деген.
Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған.
Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі.
Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!
Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес.
Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Нәтижелері де аз емес, атап айтқанда
2023 жылы Тіл саясатын асыру мақсатында Жамбыл облысы Әділет департаментімен 11 семинар, дөңгелек үстел отырыстары өткізілді, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда 42 дәріс оқылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 12 мақала жарияланды.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің сот орындаушысы Токтаев Асхат
Келесі мақала