Жаңалықтар
Тараз қалалық Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті
- author AR-AY
- 4 наурыз, 2024
- 269
Тараз қалалық Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев және Тараз қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Д.Жанғабылов қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген өзгерістер мен негізгі талаптар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазасы қатаңдатылғаны, қылмысқа арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені ескертілді.
Полиция қызметкерлері ең алдымен өз еліне адал қызмет ету керек. Себебі, ҚР Президенті өз сөзінде: «Полицияның сапалы жұмысы ел үшін, халық үшін өте қажет. Полиция қоғамда халықтың құрметіне ие мамандықтың бірі болуы керек. Полиция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, халқына адал қызмет етуге тиіс» - деп, полицияның қызметін ерекше атап өткен болатын.
Өз кезегінде Тараз қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары Д.Жанғабылов жеке құрам арасында профилактикалық дәрістер тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізіп, жеке құрамды заң талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.