Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қоймалар көкөніс сақтауға әзір ме?

Қоймалар көкөніс сақтауға әзір ме?
ашық дереккөз
Қоймалар көкөніс сақтауға әзір ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр облыста көкөніс сақтау қоймаларының санын арттыру, олардың сыйымдылығын ұлғайту бойынша нақты шаруалар қолға алынған. Қазіргідей жиын-теріннің кезінде бұл мәселеленің маңыздылығы арта түсетіні белгілі. Сондықтан да болар, облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте нақ осы мәселе жан-жақты сараланды. Жиында облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы бақсармасының басшысы Ербол Жиенқұлов баяндама жасап, облыстағы көкөніс сақтау қоймаларының дайындығы және әлеуметтік дүкендерді азық-түлікпен қамту жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облыстағы жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 қойманың 81-і мұздатқышпен жабдықталған (47,2 мың теңге). Бірақ облыс бойынша мерзімаралық кезеңде (4 ай қаңтар-сәуір) сыйымдылығы 57,7 мың тонна мұздатқышы бар қоймалар қажет. Дегенмен талдау көрсеткендей, Мойынқұм, Сарысу Талас, Шу аудандарында маусымаралық кезеңге көкөніс өнімдерін сақтайтын мұздатқыш қоймалары жоқ. – Облыста биыл 2,2 миллион тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көзделуде. Өнімдердің өндіріс көлемдері облыстың ішкі тұтынымын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңге қажет ететін 57,7 мың тонна көкөніс өнімі көлемдерін мұздатқышы бар 81 қоймада картоп, сәбіз, қырыққабат өнімдерінің 81,8 пайызын толық сақтауға мүмкіншілік бар. Әр ауданның халық санына қарай тұтыну нормасына сәйкес өндірілген өнім көлемін сақтауға сыйымдылығы 21,4 мың тоннаны құрайтын мұздатқышпен қамтылған қоймалар қажет, – деді Ербол Жиенқұлов. Сондай-ақ басқарма басшысы өнімдер қоймаларға қыркүйек-желтоқсан айларында кезең-кезеңімен сақтауға орналастырылатынын жеткізді. Айта кетсек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту» Жол картасы және Даму жоспары аясында 2022-2025 жылдары сыйымдылығы 100,3 мың тоннаны құрайтын 39 көкөніс, жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу көзделуде. Оның ішінде, сыйымдылығы 59,4 мың тонналық 16 қойма мұздатқышпен қамтылмақ. Ағымдағы жылы сыйымдылығы 27,6 тонналық 8 қойманың құрылысы жүргізілуде. Осы жобалар толық жүзеге асырылғаннан кейін мерзімаралық кезеңде жетіспейтін 21,4 мың тонналық мұздатқыштың 6,7 мың тоннасы қажеттілігін жабады деп көзделуде. Биыл 41,8 мың гектар алқапқа картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз дақылдары орналастырылып, бүгінгі күнге 5,9 мың гектар алқаптан 158 мың тонна ерте пісетін көкөніс өнімдері алынды. Қазіргі таңда көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға артып отыр. Жиында шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру мақсатында 241 дүкенмен форвардтық келісімшарттар жасалғандығы баяндалды. Алайда келісім жасалған өнім көлемі әр аудан халқының тұтыну нормасы қажеттілігінің 5 пайызын да қамтуға жеткіліксіз көрінеді. Осыған орай, ерте пісетін көкөніс басқада өнімдерді сол өнімді өндіретін аудандармен форвардтық келісім жасалуы қажет. Басқосуда кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев әлеуметтік дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтылу барысын баяндады. Басқарма басшыларының есебіне құлақ түрген аймақ басшысы, жасалып жатқан жұмыстардың әлі де жүйесіз екендігін айтып, бірақатар кемшіліктерге тоқталды. – Бәрі жақсы деуге болмайды. Атқарылған жұмыстар нәтижелі болса, тұрғындар бағаға қатысты шағымданбас еді. Пияздың бағасына кейбір дүкендерде үстемеақыны 70-80 пайызға дейін қосып отыр деген мәлімет бар. Неге ондайларға шара қолданып, айыппұл салмаймыз? «Алқаптан сөреге дейін» жобасын іс жүзінде нәтижелі орындауға күш салу керек. Аудандардың берген ақпараты қаншалықты рас? Оған көз жеткізу үшін тексеріс жұмыстары тұрақты жүргізілуі тиіс. «Айналым схемасы» бойынша өтінім беру көрсеткіші де көңілден шықпайды. Мерзімаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру – басты талап! Бұл тұрғыда әлеуетімізге сәйкес барынша әрекет ету қажет. Қоймалардың мүмкіншілігін де тиімді пайдалану керек. Жауапкершілікті бір-бірлеріңізге ысырмай, жұмысты бірлесе үйлестіру маңызды, – деді Нұржан Нұржігітов. Жиын соңында облыс әкімі жұмыстарды жүйелеу, аудандар бойынша тұрақты бақылау жүргізіп, апта сайын есеп беріп отыру үшін аталған екі басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ақтоты ЖАҢАБАЙ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар