Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мекеме қызметкерлерінен алғыс

Мекеме қызметкерлерінен алғыс
ашық дереккөз
Мекеме қызметкерлерінен алғыс
1 наурыз-Алғыс айту күні. 2016 жылдың 14 қаңтарында 1наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Мақсаты-қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, бір-біріне құрмет пен сыйластықтың артуы. Осы мерекеге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №59 мекемесінде талай жылдан бері қызмет атқарып, мекеменің тазалығын сақтап жүрген Сейтбекова Патима Абдуллақызына осы мекеменің басшысы әділет полковнигі Руслан Уразметов және мекеменің қызметкерлері үлкен алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды. Мекеме басшысы мекеме қызметкерлеріне де ризашылығын білдіріп, айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі!
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар