Өртсөндіруші-құтқарушылар сарай және автокөліктердің өртену оқиғаларына және тағы басқа өрттерге – 9 рет, қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғаларына – 8 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына 11 рет барып, тілсіз жауды ауыздықтаған. Сондай-ақ электр сымдарының қысқа тұйықталуы бойынша – 4 рет, расталмаған жану оқиғаларына – 4 рет, есік ашу жұмыстарына – 13 рет, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 6 рет, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1 рет, жануарларға көмек көрсету мақсатында 2 рет жедел шығып, тиісті жұмыстарды атқарған.
Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауға шақырады. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде мүмкіндігінше алысқа жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін, әрдайым ұялы телефонға келіп түскен хабарламаларға назар аударуды еске салады. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалған абзал.
Ақтоты Жаңабай