Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаскөйлермен күрестің негізгі қағидалары

Қаскөйлермен күрестің негізгі қағидалары
Ашық дереккөз
Жуырда Алматы қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қаржылық қауіпсіздіктің және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

 Брифингте Агенттіктің қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларына қатысты баяндама жасады.

Александр Терентьев өз баяндамасында соңғы жылдары әлеуметтік инженерияның заманауи әдістерін қолдана отырып, интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. Мәселен, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, 2023 жылы 21,6 мыңға жуық алаяқтық тіркелген. Александр Тереньтев: «ҚР Үкіметі байланыс, төлемдер мен ақша аударымдары саласында, сондай-ақ тұтынушылық онлайн кредит беру саласында реттеуді күшейтуге және қатаңдатуға бағытталған және 15 іс-шараны қамтитын Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті», – деді.

2023 жылғы шілдеде Агенттік, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы және 18 банк арасында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – дара кәсіпкерлерді қоспағанда, азаматтардың, оның ішінде банктердің клиенттері болып табылатын азаматтардың құқықтары мен мүдделерін Тараптардың қаржы нарығында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауы, интернет-алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккен клиенттерге шығынды өтеу тетігін әзірлеу, сондай-ақ азаматтарға қашықтан алаяқтық тәсілмен кредиттер рәсімдеу кезінде туындаған берешекті реттеу арқылы қорғау. Бірінші кезектегі шаралар ретінде 2024 жылдың 1-жартыжылдығында Ұлттық Банктің банкаралық төлемдер орталығының базасында қаржы нарығына арналған антифрод-орталық құру жоспарлануда.

Ол күдікті тұлғалар мен алаяқтық операциялардың типологиялары туралы барлық ақпаратты жинақтайды. Бұл кез келген алаяқтық операцияларды алдын ала блоктауға мүмкіндік береді. Антифрод жүйесінің болуы бойынша жедел аударымдар қызметтерін көрсететін төлем сервистеріне талаптарды енгізу жоспарлануда. Жол картасы шеңберінде телефон нөмірлерін ауыстырудың алдын алу жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін, SIM-карталарды беру/ауыстыру кезінде жеке басын тиісінше тексермегені үшін және тіркелмеген SIM-карталарды пайдаланғаны үшін байланыс операторларының жауапкершілігі қатаңдатылды.

Сондай-ақ қашықтан қаржылық қызметтер көрсету үшін банктердің мобильді қосымшаларының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленді. Жалған қарыздарды рәсімдеуге байланысты алаяқтықты азайту үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен 2024 жылғы 11 ақпаннан бастап жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығы туралы норма қолданылатын болады.

Кредиторларға оның кредиттік есебінде микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу туралы ақпарат болған кезде адамға микрокредиттер беруге тыйым салынады. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға берілген қарыздар мен микрокредиттер туралы ақпарат беруді, жеке тұлғаның кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуы болған кезде рәсімделген кредит бойынша берешекті есептен шығаруды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

ЖАСҰЛАН СЕЙІЛХАНОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар