Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Солтүстік өңірлерде қасқыр қаптағаны рас па?

Солтүстік өңірлерде қасқыр қаптағаны рас па?
Ашық дереккөз
«WhatsАpp» қолданушыларының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқыр көбейіп кеткен. Аудандардың бірінде жануар адамға шапқан екен. Әрине, бұл – жалған.

 Сөзін растау үшін хабарлама авторы өлі жануарлардың суретін көрсетеді. Бұл сурет биыл қаңтарда бірнеше фейк ақпаратта қолданылған. Мысалы, Мордовияда балаларға қасқыр шапқаны туралы фейкте және Қорған облысында өлтірілген жыртқыштар туралы жалған ақпаратта.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасқырдың адамдарға шапқаны туралы ақпарат жалған. «СҚО ПД кезекші бөлімінің «102» желісіне қасқырдың адамдарға шапқаны туралы ақпарат түскен жоқ», делінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарламасында. СҚО бойынша орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспалов та өңірде қасқырдың таралуына қатысты пікірін былай деп білдірді: «Инспекциядағы жабайы жануарларды есепке алу туралы ақпаратқа сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқыр тұрақты мекендемейді.

Бұл облыс аумағын егістік алқаптары үшін қарқынды пайдаланумен байланысты деп ойлаймыз. Себебі бұл қасқырдың қорегіне әсер етті. Облыс аумағы орманды-далалы аймақ болып келеді. Орманды алқап шамамен 5 пайызды ғана құрайды. Бұл қасқырдың тіршілік ету ортасына лайық емес». Демек, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқырлар таралуда деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қасқырлар адамдарға шапты деген ақпарат та жалған.

Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар