2023 жылы астық егетін өңірлердің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері қолайсыз ауа райы жағдайларынан зардап шекті. Бұл бірінші кезекте олардың қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер етті. Министр «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы институттары агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыруда айтарлықтай үлеске ие. Агросектордың кредиттік портфеліндегі «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» үлесі 77 пайыздан асады, АӨК субъектілерінің шамамен 28 пайызы қаржыландырумен қамтылған. Осыған байланысты қос қаржы институтын қолдау құралдары сала үшін аса маңызды.
Мемлекет басшысының шаруаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жалпы сомасы 50 миллиард теңгеге несиені ұзартуға өтінімдер мақұлданды. Жалпы алғанда, 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржыны» қаржыландыру көлемі 554,7 миллиард теңгені құрады.
Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржыға» егін егу жұмыстарына жеңілдікпен несие беру кезінде қолдау мен ерекше назар аударуды қажет ететін шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты.
Сөйтіп, министр қарыздарды ұзарту бойынша да бірқатар тапсырмалар жүктеді. Кепілдік талаптарын жеңілдету бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді, қаржыландыруды алу кезінде автоматтандыру жөніндегі жұмысты күшейтуді, кәсіпкерлердің өтінімдерін қарау мерзімдерін қысқартуды тапсырды.
ТАЛҒАТ НҰРХАНОВ