Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Су тапшылығы болмасын десек

Су тапшылығы болмасын десек
Ашық дереккөз
Жаһандық экономикалық дағдарыстың шиеленісуі, тұрақсыз геосаяси жағдай мемлекеттерді жаңа экономикалық модельдер құру қажет екенін көрсетті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент биылғы экономикалық күн тәртібіндегі бірқатар негізгі міндетке басымдық берді.

 Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек екенін атап өтті. Президенттің «Сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар, халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек» дегені де түйінді сөз болды.

Яғни азаматтар өздеріне оң өзгерістер сезінбесе, экономиканың көлемі қандай болатыны маңызды емес. Халықтың әл-ауқаты – бұл барлық экономикалық реформаның негізгі көрсеткіші. Президент атап өткен су ресурстарының жетіспеушілігі мәселесіне назар аударғым келеді. Мәселен, көптеген өңір қазірдің өзінде ауызсудың өткір тапшылығын сезініп отыр. Су ресурстарының жетіспеушілігі әсіресе ауылшаруашылығы аймақтары үшін өзекті. Мемлекет басшысы «Біз суды тым орынсыз жұмсаймыз» деді. Қарапайым көлік жуу орындарының 80 пайызға жуығы ауызсуды пайдаланады. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, біз қазір немерелерімізге арналған суды тұтынып жатырмыз.

Негізі суды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Мысалы, ауылшаруашылығында – суару әдісі немесе гидрогель, айналымдағы сумен жабдықтау (қайта айналым), өнеркәсіпте – ағынды суларды қайта өңдеу, тұрмыстық қызметте – контактісіз су құбыры және тағы басқалары. Дегенмен суды тұтынудың жалпыхалықтық мәдениетін енгізу мәселесі маңызды болып қала береді. Өйткені су тапшылығы мәселесін шешуге азаматтардың өздері қатысуы маңызды.

Бұл жерде қымбат технологияларды қолданудың қажеті жоқ, саналы тұтыну мен ұмтылыс қажет. Біз балаларды мектеп кезінен экологиялық санаға, оның ішінде су ресурсын тиімді пайдалануға үйретеміз. Қарапайым мысал ретінде: тісті тазалау, ыдыс жуу кезінде суды үнемді пайдалану. Бұл – кез келген адам бастай алатын және кейіннен бүкіл елде жаңа экологиялық мәдениеттің қалыптасуына әкелетін қарапайым қадам.

Динара Сәдуақасова, саяси сарапшы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар