Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
ашық дереккөз
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Соғысқа елімізден 22 мыңнан астам сарбаз қатысып, 700-ге жуығы оралған жоқ. Аталған датаға орай дәстүр бойынша Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері, курсанттар мен соғыста опат болған жауынгерлердің ата-аналары, әскерилер, жас сарбаздар, қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Осынау күнді және қаруластарын еске алуға келген Ауған соғысы ардагерлерінің бірі – Мұрат Байтенов. Ол соғысқа 18 жасында аттанған екен. – Оқу-жаттығуға бара жатырмыз деп ойлаған біз соғыс алаңынан бір-ақ шықтық. Әйтеуір, қанқұйлы соғыстан аман-есен елге оралдық. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Енді соғыс болмасын! Еліміз аман болсын! Жастарымызға патриоттық тәрбие беруге атсалысамыз. Бүгін біз Ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол бір қатігез соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деді М.Байтенов. Шара соңында Ауған соғысы ардагерлері бір-бірімен қауышып, естеліктерін айтып, фотоға түсті.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар