Жаңалықтар
Елімізге педофилдер мен лаңкестер кіргізілмейді: Мәжіліс заң жобасын қабылдады
- author AR-AY
- 15 ақпан, 2024
- 351
Елімізге педофилдер мен лаңкестер кіргізілмейді: Мәжіліс заң жобасын қабылдады
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Аталған құжат бір топ депутатпен «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін әзірленді, - деді депутат Магеррам Маггерамов.Заң жобасында мына ережелер көрсетілген:
- Көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды іске асыру тәртібін айқындау;
- Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу;
- Экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу;
- Төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу.
- «Қандас» мәртебесін беру, сондай-ақ Қазақстанның азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру рәсімін жетілдіруге;
- Қабылдаушы өңірлерде қоныс аударушылар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иеліктен шығару құқығынсыз конкурстан тыс тәртіппен алуға және қолданыстағы заңнамада белгіленген ең төменгі мөлшерден аспайтын көлемде қолайлы жағдай жасауға;
- «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға төленетін, көшуге, тұрғын үй жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған мемлекеттік субсидияларды қорғауды қамтамасыз етуге;
- Еңбек ететін көшіп-қонушыларға 1 айдан 12 айға дейін еңбек ету рұқсатын алуға мүмкіндік беруге және басқа да түзетулерге байланысты түзетулер енгізілді.
Келесі мақала
Нәтижелі жұмыс ел тағдыры үшін маңызды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
21 жасқа жетпеген мыңдаған қазақстандық микроқаржы ұйымдарына қарызға кіріп кеткен
- авторAR-AY
- 30 желтоқсан, 2025




