Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауырсын қалам

Қауырсын қалам
Ашық дереккөз
Сыршыл ақын Туған жерді, туған тілді, халықты, Жырлап өткен Мұқағали даңқты. Қазағымның ақыны ғой ақиық, Толықтырған өлең, жырмен тарихты. Ақындығы шексіз ғой шарықтаған, Нәр бергендей қазақи жазық далам.

Оның әрбір жауқазын жырларынан, Көңілге мен рухани азық алам. Тас жүректі балқытар жалынды ақын, Пәк көңілді толқытар дарынды ақын. Сырлы өлеңі мұңайған жүректерге, Қуаныштың сыйлайды нұрын жарқын. Жырларымен сусындап ұрпақтары, Жадымызда сақталып, тұрмақ бәрі. Жақсылыққа баршаны жетелейді, Өлеңінің әр буын тармақтары. Қазақ халқын өлең, жырмен тербеткен, Елі үшін еңбек етіп, тер төккен. Дәл осындай сыршыл ақын таппаспын, Шыр айналып іздесем де жер-көктен.

Абай Мәтілбайұлы, №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, Қордай ауданы

Даналық Мұқағали – сезім кені мөп-мөлдір, Сөйлемейді, шектен шығып өктем бір. Осындай жыр – тазалықтың белгісі, Жүректерге қанат қағып жеткен жыр. Мұқағали, жұрт айтқандай, мұзбалақ, Өлеңінен жүрміз өмір іздеп-ақ. Өлеңдері өрнегімен ерекше, Бой түзейміз өр ақынға біз қарап. Мұқағали ақындардың ақыны, Жетті шындық сөз айтуға батылы. Жас ұрпақтың жүрегінде жүреді, Өр ақынның өсиеті, нақылы. Мұқағали биіктігін аңғарсаң, Ойларының тереңіне сен барсаң. Мұқағали әрбір жалын жастарға – Өлеңменен жол сілтеген бағдаршам!

Інжу Жаңабай, №3 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы, Тараз қаласы

Жыр сәулесі Қастерлейтін Мұқағали атыңнан, Сәби жүрек қарасаздық ақыннан. Құлдың емес, ардың, ұлттың адамы, Ақиқаты жанартау боп атылған. Қалыптарға құйған алтын сөздері, Оқығанда жүрек шіркін төзбеді. Жалпақтаған болмадың сен жапалақ, Қыран болдың қан қаптаған көздері. Жан емес ең Қарасаздан құр кеткен, Тың таулардан соғып ызғар тым өктем. Жарастықтың жырлаған да жыршысы, Тас меңіреу шыңдарға да тіл біткен. Жүрегінен жанталас үн естілер, Фариза қыз баға берген есті ер. Мінезді ақын, мінсіз ақын, сен рухсың, Жазылмаған дерт жаныңды кескілер. Өлең күтті, өлім бірақ күтпеді, Жазарыңа уақыт, әттең, жетпеді. Көкіректе жыр сәулесін маздатып, Бола білдің халқыңа сен оттегі. Өзегінің өксігін еш баса алмай, Сұм тағдырдың сынағынан аса алмай. Ақ боз атпен кетіп барад (ы) ақыным, Жүректегі жан жарасын жаза алмай. Мұзбалақты еске алып қалайша, Тұра алмаспыз жанарларға жас алмай?!

Анель АЙДАРАЛИЕВА,

Айша бибі орта мектебінің

10-сынып оқушысы,

Жамбыл ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар