Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Заманауи оқыту тәсілдері – біліктілік кепілі

Заманауи оқыту тәсілдері – біліктілік кепілі
ашық дереккөз
Заманауи оқыту тәсілдері – біліктілік кепілі
Тараз қаласындағы №22 бөбекжай-балабақшасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Тілдік ортаға ену» пилоттық жобасының нәтижелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Облыстың білім беру ұйымдарында тілдік ортаға ену пилоттық жобасының тәжірибесін талдап қорыту және тарату мақсатында өткізілген іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысып, тәжірибе алмасты. 2022 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалының өкілдері білім беру ұйымдарында тілдік ортаға ену бойынша Эстонияның Нарва қаласындағы Тарту университетінің Нарва колледжі базасында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен болатын. Осыған орай Тараз қаласындағы №22 бөбекжай-балабақшасы мен Қордай ауданындағы «Бүлдіршін» бөбекжайында қазақ тілін енгізу мақсатында пилоттық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Іс-шарада алдымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Шынар Тайғанбекова сөз алып, отырыстың жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң Тараз қалалық №22 бөбекжай-балабақшаның тәрбиешісі Айгүл Хуснутдинова «Біздің орманның жануарлары» атты тіл дамыту сабағын өтіп, балабақшадағы орыстілді топтарда қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту тәжірибесімен бөлісті. Айгүл Хамитбекқызы әріптесімен бірге жоғарғы топтардың балаларымен ойын ойнау, сырласу, сабақ өту арқылы қазақ тілін жетілдірген. Мәселен, алғашында бүлдіршіндердің сөздік қорында 100-ге жуық сөз болса, бүгінде төрт мыңға дейін артқан. Ары қарай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалының аға оқытушылары Эльмира Мизалиева мен Жанар Хайрушева Эстония елінің тәжірибесіне негізделген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді технологиясы ретінде «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша іс-шаралар мен бекітілген жоспарға сай атқарылған жұмыстың нәтижесінің қорытындысымен бөлісті. №22 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Сайрагүл Мамедалиева балаға мектепке дейінгі жаста қазақ тілін үйретудің маңыздылығына тоқталды.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар