Жаңалықтар
Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды
- author AR-AY
- 8 ақпан, 2024
- 208
Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды
Алматыда лай көшкіні салдарынан қираған үй үйіндісінің астынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматыда лай көшкіні түскен жерде жедел штаб құрылған. Қазір жеке тұрғын үйді балшықтан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 182 маман мен 32 техника жұмылдырылған. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Лай көшкінінің астында қалғандардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимарат зақымданып, алдын ала болжам бойынша сонда қаза тапқан 2007 жылы туған жасөспірімнің денесі табылды, – делінген хабарламада.Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.