Жаңалықтар
Жамбыл облысында квазимемлекеттік мекеменің басқарма төрағасы 209,9 млн теңге жымқырған
- author AR-AY
- 8 ақпан, 2024
- 377
Жамбыл облысында квазимемлекеттік мекеменің басқарма төрағасы 209,9 млн теңге жымқырған
Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған.
Аталған факті бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен («Алаяқтық») қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген хабарламада.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.