Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аудан әкімі «Әдеби жігіттерді» қабылдады

Аудан әкімі «Әдеби жігіттерді» қабылдады
Ашық дереккөз
Байзақ ауданында болашақтың тірегі – жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып келеді. Білім, өнер, спорт саласында аудан жастары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, түрлі байқауларда, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп, батырлар мен ақындар елі атанған Байзақ ауданының абыройын асқақтатуда.

 Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан жастарынан құралған «Әдеби жігіттер» «Jaidarman» тобын қабылдады. Қабылдауда жайдарманшылармен бірге аудан әкімі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Еркін Заурбеков, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мұхтар Қозбаев болды. Әкім топтың мүшелерімен ашық сұхбат құрып, бұдан әрі қарай ауданда «Jaidarman» ойындарын дамыту, жастарды тәрбиелеу жайында әңгімелесті.

Бақыт Алпысбайұлы жастарға Астана қаласында өтетін республикалық чемпиондар лигасында ұтымды әзілмен, сүбелі сөзбен xалықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді. Өз кезегінде жайдарманшылар аудан әкіміне алғыс білдіріп, сенім үдесінен шығуға уәде берді.

Айта кетейік, байзақтық «Әдеби жігіттер» «Jaidarman» құрамасы 2023 жылғы «Әулие ата жоғарғы лигасының» чемпионы атанып, республикалық көшпелі «Nomad» ойынында, Шымкент ашық лигасының ақтық кезеңінде және Қызылорда қалалық чемпионатының жартылай кезеңінде өнер көрсеткен.

Осы айда Астана қаласында өтетін республикалық «Чемпиондар лигасына» қатысуға жолдама алды. Топ құрамында Асланбек Бапаев, Темірлан Капышев, Бағжан Өксікбай, Ержеткен Ыбырайым, Нұрлыхан Тоқсанбай, Сардор Муратов, Жандаулет Еламанов, Иният Нұрғазыұлы аудан намысын қорғайтын болады.

Байзақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ХАБАРЛАНДЫРУ
Алдыңғы мақала
ХАБАРЛАНДЫРУ

Ұқсас жаңалықтар