Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда тағы бір спорт кешені ашылды

Таразда тағы бір спорт кешені ашылды
ашық дереккөз
Таразда тағы бір спорт кешені ашылды
Тараздағы Құмшағал тұрғын алқабында заманауи жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл – жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. – Елімізде спорт арқылы ұлт саулығын тұрақты дамыту Мемлекет басшысының басты назарында. Бұл бағытта елімізде барлық жағдай жасалуда. Бүгін ашылып отырған денешынықтыру-сауықтыру кешені – соның айқын дәлелі. Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлердің шығатынына сенімім мол, – деген облыс әкімі жаттықтырушылар мен спортшыларға үлкен үміт артылатынын жеткізді. Сондай-ақ өткен жылы өңірімізде спорт саласын дамытуға 14,2 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде ауыл-аймақтарда салынған заманауи спорт нысандары ел игілігіне берілген. Салтанатты шара барысында Құмшағал алқабының белсендісі, еңбек ардагері Рахманбек Устаев тұрғындар атынан ризашылығын білдірді. Ал дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері Ахмет Жұмағұл мұндай кең әрі жайлы спорт кешендерінде жаттығу – балалар мен жасөспірімдерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. Жалпы екі қабатты жаңа спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер денешынықтыру клубы құрылған. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер спорттың 8 түрі (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, кикбоксинг) бойынша жаттығатын болады. Айта кету керек, өткен жылы өңір аумағында 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, осы жылдың соңына дейін тағы 13 нысанның құрылысы толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда облыста денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 492 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40,3 пайызынан асып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар