АУДАН АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ
Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ақпарат саласының үздігі Айтмұханбет Исақовты қабылдап, құрмет көрсетті. Бұл туралы "AQ JOL" газетінің тілшісі Есет Досалы фейсбук парақшасына бөлісті.
– Ақынның кеудесіне "Жамбыл ауданына сіңірген еңбегі үшін" деген төсбелгі өз қолымен тақты. Еңбегіңіз сіңді деп медаль тағып тұрма, демек әкімнің ақынға үлкен құрметі осы, – деп жазды ол. Сондай-ақ, жиында айтыс ақындары мен жыршы термешілердің Халықаралық одағы облыстық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков сөз сөйлеп , Айтмұханбек Исақовтың айтысқа сіңірген ерен еңбегіне кеңінен тоқталған.
Ал Есет Досалы өз жазбасының соңында аудан әкімінің Айтмұханбет Исақовтың 9 ақпан күні аудан орталығы Асада өтетін шығармашылық кештің шығынын көтеретінін де хабарлаған екен.
Келесі мақала