Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талдықорғанда IV жасөспірімдер спартакиадасы басталды

Талдықорғанда IV жасөспірімдер спартакиадасы басталды
ашық дереккөз
Талдықорғанда IV жасөспірімдер спартакиадасы басталды
Талдықорған қаласында ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды. Жарысқа еліміздің 14 облысынан 13-15 жас аралығындағы үш мыңнан астам оқушы қатысуда. Ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Төрт жылда бір рет өтетін дәстүрлі жарысқа қатысушылар 3 шілдеге дейін 12 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, баскетбол (3*3), көгалдағы хоккей, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес пен үстел теннисі) өзара кім мықтыны анықтайды. Ал Жамбыл облысынан ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарына барлығы 130 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күндерінде-ақ облысымыздың құрамасы қоржынға бірнеше жүлде салып үлгерді. Атап өтер болсақ, дзюдодан 48 келіде бақ сынаған Қарлығаш Орманхан қарсыластарының барлығынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ грек-рим күресінен Бағлан Бақтығұл (65 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Қол күрес шеберлері де Талдықорған төрінде намысты қолдан бермеуде. Мәселен, қол күресшілер бәсекесінде Рамазан Жақсығұл (70 келі), Серік Сәнім (70 келі), Асқарбек Исатаев (55 келі) күміспен күптелсе, Бекмырза Әмзе (50 келі), Заурбек Бешли-оглы (65 келі) қола жүлдені қанағат тұтты. Жамбыл облысы құрамасының жеңісті жолы жалғаса береді деп сенеміз.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар