Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері

Жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері
ашық дереккөз
Жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері
Италия астанасы Рим қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Дүбірлі додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен қола медальға ие болып, ел қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды. 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Юсуф Ашрапов 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертеряннан 1:2 есебімен ұтылды. Армян спортшысы финалға өткендіктен, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуде жамбылдық балуан америкалық Зан Роберт Фуджиттаны (14:5) және түрік Юсуф Кылчанды (10:1) жеңді. Қола медаль үшін белдесуде Юсуф Ашрапов Иран өкілі Абольфазл Миршекарды тізе бүктіріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл жерлесіміздің әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 2021 жылы Будапештте (Венгрия) жасөспірімдер арасында қола медаль иеленген болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар