Жуалы ауданында 19 адам жол апатынан зардап шекті
Бүгін Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында ауа-райының нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент” республикалық маңызы бар жолында (567 км) жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік апатында жеңіл, жолаушылар автобустары мене жүк машинасы соқтығысқан..
Апат салдарынан Б. Момышұлы аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 19 адам жеткізілді, оның ішінде 1 бала бар. Сондай-ақ ТЖД күштерімен қысылған адамдарды шығару бойынша авариялық құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қаза болғандар тіркелмеген.
Қазіргі уақытта Нұрлыкент ауылының” Мәдениет үйі ” жылыту пунктіне 39 адам жеткізілді, оның ішінде 8 бала бар.
Облыс аумағында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты департамент базасында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Жедел штаб жұмысына азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері жұмылдырылған. Психологиялық қолдау үшін сенім телефонына байланысуға болады.
Келесі мақала