Ауыл балалары үмітті ақтады
Жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Республикалық олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен алғаш рет өткізіліп отыр.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының қабілеттерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің облыстың 8 оқушысы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 2 оқушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломы және күміс медалін 2 оқушы иеленді. Сонымен қатар ІІІ дәрежелі диплом және қола медальға 6 оқушы қол жеткізсе, өз білімімен ерекшеленгені үшін 7 оқушы грамотамен марапатталды.
Атап айтқанда, Меркі ауданындағы Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Айгерім Тоқбай, осы ауданның М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Виктория Клюшниченко ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегерлері атанды.
Аталған аудандағы И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Жәмилә Дәулетиар, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Наргиз Мададова, Шу ауданындағы С.Шәкіров атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Аяжан Амантай, С.Естемесов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ақерке Алтынбек қола медаль иегерлері деп танылып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қола жүлдегерлердің қатарында Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Шұғыла Тазабек, Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Камилла Шаяхметова да бар.
Жуалы ауданындағы №30 Көктөбе орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрлы Амангелді, Қордай ауданындағы Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Вероника Шокарева, Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Салима Байдаулет болса, өз білімімен ерекшеленгені үшін арнайы грамотаны еншіледі. Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Азамат Серік, Байзақ ауданындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аруназ Мутан, Шу ауданындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Зивара Абылай, Жамбыл ауданындағы Айша бибі атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Асылай Шүкірбай да зейіндерімен ерекшеленіп, арнайы грамотаға ие болды.
Топтан оза шапқан жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!
Ақтоты Жаңабай
Келесі мақала
Студенттерге жатақханадан орын алу жеңілдемек
Ұқсас жаңалықтар
Жастар
Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды
- авторAR-AY
- 30 қыркүйек, 2024
Жастар
Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2024