Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Скринингтің пайдасы көп

Скринингтің пайдасы көп
ашық дереккөз
Скринингтің пайдасы көп
Елімізде қаңтар айының соңына дейін жатыр мойны обыры ауруының алдын алуға арналған халықаралық апталық өтіп жатыр. Облыс бойынша 2023 жылы жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозымен алғаш рет 99 әйел есепке алынған. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық 6,7 пайызды құрайды. Облыстың 19 тұрғыны жатыр мойны обырынан қайтыс болған. Жатыр мойны обыры қатерлі ісіктер арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Түрлі себептермен емханаға жүгінген әрбір әйел жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін тексеру кабинетінде қаралымнан өтуі керектігін есте ұстаған жөн. Қауіпті дерттің алдын алудың көптеген жолдары бар. Мәселен, саламатты өмір салтын ұстанып, жүйелі түрде скринингтік тексеруден өту жатыр мойны обырын болдырмау мен ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жатыр мойны обырына дейінгі ауруларды уақытылы емдеу, темекі шегуге әуестенбеу де дерттің туындауына тосқауыл болады. Негізгі жыныстық қатынас гигиенасына назар аударылуы керек. Оның ерте басталуы, ретсіз байланыс, бірнеше серіктестің болуы, қорғаныш құралын пайдаланбау – папилломавирусты, аурудың патологиялық түрлерін жұқтыру қаупін жоғарылатады. Сондықтан бұл ауру жөнінде жасөспірімдерге мектеп қабырғасында айтып, түсіндірілуі керек. Әрбір әйел жатыр мойны эрозиясының, қабыну ауруларының, жыныстық жолмен берілетін дерттің салдарын және оның алдын алу жолдарын білгені дұрыс. Ауруды ерте анықтаудың бір жолы – 4 жылда бір рет (30-70 жаста) жатыр мойны обырына қарсы скринингтен өту. Скринингтің негізгі мақсаты – белгілі бір кезеңдерден, бастапқы формалардан бастап, инвазивті формасының дамуына дейінгі кезеңнен өтетін мойынның қатерлі ісікке дейінгі өзгерістерін анықтау. Скрининг әдісі – жатыр мойнының жағындысын цитологиялық зерттеу. Былтыр осы ауруды ерте сатысында анықтау үшін 55 647 әйел қаралды, 55 597-сіне цитологиялық зерттеу жүргізілді, бұл 99,9 пайызды құрайды. Тексерілгендердің 1 604-інде (2,9 пайыз) жатыр мойны патологиясы негізінен қатерсіз өсінділер және жатыр мойны эрозиясы анықталған. Барлық пациенттер диспансерлік бақылауға алынып, сауықтыру жүргізілген. Жатыр мойны обыры диагнозы 24 әйелге қойылған, оның ішінде аурудың I сатысында – 15, II кезеңде 9 әйелдің осы дертпен ауыратыны анықталды. 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздарға ата-аналарының келісімімен АПВ-ға қарсы 2х-3х валентті вакциналар егу көзделуде. Бұл жатыр мойны обырының алдын алады және ол әдіс әлемнің 174 елінде енгізілген.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар