Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұланбел ауылы көркейіп келеді

Ұланбел ауылы көркейіп келеді
ашық дереккөз
Ұланбел ауылы көркейіп келеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Абасов аталған ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Бүгінде Ұланбел ауылдық округінде 985 адам тұрады. Оның ішінде 385-і экономикалық белсенді тұрғын болса, 210-ы жұмыспен қамтылған. 88-і зейнет жасындағылар, 157-ісі белсенді жұмыспен қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 114. Мүгедектігі бар адам саны – 17. Білім саласына келер болсақ, М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектепте 174 оқушы білім алуда. Оларға 38 мұғалім дәріс береді. Осы мектепті өткен жылы 16 түлек бітіріп шыққан. «Балдырған» балабақшасында 45 бала тәрбиеленіп жатса, мұнда 23 қызметкер еңбек етеді. Қысқы жылыту маусымына қажетті 45 тонна көмір түсірілген. – Ауылдық округтің техникалық жарақтандырылуы жайында айтар болсақ, бізде ауылшаруашылық техникаларының ішінде 12 трактор, 3 комбайн, 10 жүк көлігі, 4 соқа, 5 тырма бар. «Нұр» және «Молшылық» «Кенжебек» шаруа қожалықтары «Тараз-Вираж» акционерлік қоғамынан 35 миллион теңгеге 3 дана «Беларусь» тракторларын шөп тайлайтын қосалқы құралдарымен сатып алды. «Нұр», «Молшылық», «Жақсылық» шаруа қожалықтары ауыл тұрғындарына ала жаздай шөп орып, мал азығын дайындап беріп отырса, «Кенжебек» жеке кәсіпкерлігі тиісті жерден қатты отын жеткізіп береді, – дейді Е.Абасов. Былтыр ақылы қоғамдық жұмысқа ауылдағы жұмыссыздар ішінен 12 адам жұмысқа тартылыпты. Жыл бойы ондағы мекемелер мен шаруа қожалықтарға, жеке кәсіпкерліктерге 5 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Э.ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар