Жаңалықтар
Банкке 3 мың теңгедей қарыз болған адам банкрот деп танылды
- author AR-AY
- 25 қаңтар, 2024
- 307
Банкке 3 мың теңгедей қарыз болған адам банкрот деп танылды
Банкке 2 978 теңге қарыз болған адам банкрот деп тану жөнінде өтініш берген.
Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасында жарияланған мәлімет бойынша, елде жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық туралы өтініштерін қабылдау 2023 жылғы наурызда басталған. Жыл соңына дейін қазақстандықтар 77 мыңға жуық өтініш берсе, 62 мың өтініш қабылданбаған.
8,3 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Қарыздың медианалық сомасы – шамамен 962 мың теңге, орташа сомасы шамамен 1,6 миллион теңге болды. Бір қызығы, ең төменгі сома – небәрі 2 978 теңге, - делінген бюро хабарламасында.Сондай-ақ Бірінші кредиттік бюро банкроттықтың ауыр зардаптары бар екенін ескертті. Соның ішінде ең ауыры – банкрот деп танылған соң өтініш беруші тағы 5 жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ешқандай несие ала алмайды.
Келесі мақала