Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елде заңсыз микрокредит беру желісі әшкереленді: «Актив Ломбард» иесі қамауға алынды

Елде заңсыз микрокредит беру желісі әшкереленді: «Актив Ломбард» иесі қамауға алынды
Видеодан скрин
Елімізде заңсыз микрокредит беру ісімен айналысқан ірі қаржы желісі анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Актив Ломбардтың» иесі Сергей Койнов пен оның серіктестері халықты қарыз тұзағына түсірген.

Агенттіктің дерегінше, «Актив Маркет» атауымен тіркелген комиссиялық дүкендер шын мәнінде лицензиясыз ломбард қызметін көрсеткен. Бұл желінің әр өңірде 200-ге жуық филиалы жұмыс істеген.

Ресми ақпаратқа сай, заң бойынша қысқа мерзімді қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауы тиіс. Алайда Койновтың компаниясы 15 күнге 16,2% сыйақы белгілеп, заңда бекітілген шектен төрт есе артық пайыз алған.

Осы схеманың салдарынан жүздеген мың қазақстандық, оның ішінде зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар ауыр қарыз жүгін арқалауға мәжбүр болған. Соңғы екі жылда заңсыз қызмет арқылы 3,5 млрд теңгеден астам қаржы табылған.

Тергеу барысында кәсіпкер жалған келісімшарттар жасасып, ақшаны жеке депозиттік шотына «дивиденд» ретінде аударғаны анықталды. Бұл келісімдердің жалпы сомасы – 1,9 млрд теңге.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде 200-ден астам тінту жүргізіліп, айғақтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті ретінде 15 адам танылып, олардың арасында Койновтың сенімді серіктестері бар.

Агенттік азаматтарға ресми лицензиясы бар ломбардтар мен комиссиялық дүкендерге ғана жүгінуді ескертеді. Заңсыз жоғары сыйақы алған жағдайда кінәлілер қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар