Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Салмақты сауалға – салиқалы жауап

Салмақты сауалға  – салиқалы жауап
ашық дереккөз
Салмақты сауалға – салиқалы жауап
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы салмақты сұрақтар мен тұшымды әрі толыққанды жауаптар көпшілік көкейінде жүрген барлық мәселені қамтыды деп есептеймін. Өйткені қазіргі уақытта ақ сөйлеп, ақиқаты мен туралығын дәл айтудың халық үшін маңызы өте ерекше. Қоғамды толғандырған мәселелер туралы ашық сұхбатты баспасөз ғана емес, бүкіл Қазақстан жұртшылығы күткені анық. Сұхбатты оқып отырып, әрбір азамат үлкен әсер алғаны сөзсіз. Бұл орайда менің басты айтарым, ел Президентінің ой-тұжырымдарын көңілге тоқып, еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алған стратегиялық жоспарлары мен реформаларын сәтімен жүзеге асыруға бәріміз бірдей жұмыла атсалысуымыз керек. Сұхбат кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды. Алдағы бес жылда жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есе арттыру, ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастыру, бірнеше беделді халықаралық ұйымға төрағалық жасау, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, ел тарихында айрықша орны бар тұлғаларға құрмет көрсету сияқты мерейлі міндеттерді атап көрсетті. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны елі мен жерін сүйген азаматтарымыздың сана-сезіміне, ерік-жігеріне, таным-түйсігіне байланысты болмақ. Ол үшін біз бірлігіміз бен достығымызды жарастырып, татулықты ту етіп, халыққа ортақ мүдде жолында белсене іске кіріскеніміз дұрыс.

Бақыт СЫРЛЫБАЕВ, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар