Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті

Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті
ашық дереккөз
Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті
Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды. 
2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар