Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАРЛЫҚ ҚАЛАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯНЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

БАРЛЫҚ ҚАЛАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯНЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
ашық дереккөз
БАРЛЫҚ ҚАЛАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯНЫ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Шағын және орта бизнес субъектілеріне кешенді мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде электронды коммерцияны оқыту орталықтары ашылады. Бүгінде мұндай оқыту орталықтары батыс өңіріндегі төрт аймақта іске қосылған. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді. Жаһандық электрондық сауда нарығы озық қарқынмен өсуде. Электрондық сауда жан-жақты дамуға ықпал ете отырып, әлемдік экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналды. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, 2026 жылға қарай В2С әлемдік электрондық нарығы – 8,2 триллион АҚШ долларын құрайды. Олардың бағалауы бойынша, 2022 жылы бұл көрсеткіш 5,7 триллион долларды құрады. 2022 жылғы қорытындыға сәйкес Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 12,5 пайызды құрады, бұл шамамен 2 триллион теңге. Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар: үй тауарлары, киім және аяқкиім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер. Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электрондық сауда қызметтер нарығының көлемі 1,2 триллион теңгені құраған, оның 50,3 пайызы жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі. Өткен жылдың 11 айында электрондық сауда көлемі шамамен 2,2 триллион теңгені немесе бөлшек көлемінен 13 пайызды құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған электрондық сауда үлесі 13,2 пайызды құрауы тиіс. «Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай 20 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. Басқа да атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсам, бірінші кезекте, Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп электрондық коммерцияның статистикасын қалыптастыру әдістемесін қайта қарадық. 2025 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдадық. Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түзетулер әзірленіп, қазіргі таңда осы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда», деп мәлімдеді министр. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, электрондық коммерция мектебі жобасы іске асырылып, оның шеңберінде 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері оқыту курсынан өткен. Маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бүгінде «Сlever Market» маркетплейсінің басты парақшаларында отандық өнімге баннер шығарылды, алдымен қазақстандық өнімді іздеу нәтижелерін шығаруда басымдық берілді. Қытайдың «Alibaba» және «JD.com» ірі маркетплейстерінде ұлттық павильондар ашылды. Бүгінгі таңда «Alibaba»-да 7 500 тауар, «JD.com»-да тауарлардың отыз түрі ұсынылған, осы платформаға 1,5 миллионнан астам қазақстандық қызығушылық танытып отыр. Қазақстанда екі ірі ресейлік маркетплейстер – «Озон» және «Вайлдберриз» жұмыс істейді. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Oзoн» алаңында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны – 45 400, «Вайлдберриз» алаңында – 55 704. «Oзон» маркетплейсі екі фулфилмент-сұрыптау орталығын іске қосты, барлық қалаларда 1 189 тапсырысты жеткізу пункті ашылды. «Вайлдберриз» маркетплейсі бойынша жалпы ауданы 29 600 шаршы метрді құрайтын алты логистикалық орталық және 621 тапсырысты жеткізу пункті ашылды, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында екі фулфилмент орталығын салу жоспарлануда. Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының профильді министрліктерімен меморандумға қол қойылды. «2023 жылдың қыркүйек айында Алматыда алты елден 300-ден астам қатысушының атсалысуымен Бірінші Орталық Азия электрондық коммерция форумы өтті. Былтыр Орталық Азия елдерінің бірыңғай платформасы – «Central Asia Gateway» іске қосылды. Ол Абу-Даби қаласында өткен Дүниежүзілік инвестициялық форум аясында «Үздік сауда ақпараттық порталы» номинациясы бойынша «Digital Government Awards» жеңімпазы атанды», деді Арман Шаққалиев. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын, жеке тұлғалардың электронды түрде қызмет көрсетумен айналысатын шетелдік компаниялар үшін «Google» салығы (импорт салығы) деп аталатын салық енгізілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша алпыс шетелдік компания тіркелген, олардың төлеген салық сомасы 34,8 миллиард теңгені құрады (2022 жылы – 16,4 миллиард теңге, 2023 жылы – 18,4 миллиард теңге). Электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшін Қытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жалғастырылатын болады. Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын алпыстан жеті күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге маркетплейстерде қалай тіркелуді, тауарды қалай сатуды және логистиканы құруды үйретеді. Егер экспорттық әлеует болса, онда мұнда контрпартнер іздеуден бастап, сақтандыру және қаржылық шараларды қоса алғанда, көлік шығындарын өтеуге дейінгі Қазтрейд және ҚазақЭкспорт құралдары қосылады. Жалпы жоғарыда аталған бастамалар электрондық сауданы дамытуға өз үлесін қосады және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады.

Талғат Нұрханов

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар