Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?

АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?
ашық дереккөз
АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?
ОБЛЫСТЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ҚАРСЫ ТҰРА БІЛУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. Соның бірінші қадамы – болжам жасау. Яғни жер сілкінісі қандай уақытта, қайда және қандай табиғи күшпен болуы мүмкін екенін, қандай қалалар мен аудандар көп зардап шегетінін және ықтимал адам шығындарын анықтау. Осыған орай, екінші қадамда төтенше жағдайды алдын ала ескерту қажет. Мүмкіндігінше олардың бұзатын әсерін болдырмау немесе барынша азайтуды қарастыру керек. Үшінші қадам – төтенше жағдайдың салдарын жою. Мүмкіндігінше қауіптілікті шұғыл жою, аман қалғандарды құтқару және берілген аймақтың қалыпты тіршілігін қалпына келтіру қажет. Нәтижелер көрсеткендей қаланың ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық тұрақтылығы олардың орналасқан жеріне (карта бойынша) төменнен жоғары бағытта сейсмикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты болады. Облыс аумағының сейсмотұрақтылығы 7 балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтар – Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары мен Т.Рысқұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі, Талас және Шу аудандары. Облыстың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтер «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс ҚР «ҚЖ 2.03-30-2017» Қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Өңірлерге Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қазандағы (№20-3584 қпб) «Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі жойқын жер сілкіністеріне азаматтық қорғау жүйесін әзірлеу туралы» тапсырмасы берілді. Орталық мемлекеттік органдардың 2021 жылғы бірлескен бұйрығымен «Қазақстан Республикасының 2021-2023 жылдарға арналған сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені жол картасы» бекітілді. Бекітілген жол картасының негізгі мақсаты – «Жамбыл облысының сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу». «Сейсмология институты» ЖШС-ның сметалық есептеулеріне сәйкес, «Жамбыл облысының сейсмикалық аудандастыру» және «Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларының сейсмикалық шағынаудандастыру карталарын» әзірлеу үшін қаражат көлемі республикалық бюджет есебінен қарастыруды қажет етті. Жамбыл облысы әкімдігі (13.10.2021 ж., №06-9789) мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (22.10.2021 ж., №3/28948) арасында бірлескен шешімі негізінде, «Жамбыл облысының аумағын егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығын» ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС 2023 жылға дейін әзірлейтіні жоспарланды. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №464 қаулысымен «Сейсмология институты» ЖШС-ның «Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасының конкурсынан тыс қаржыландыру мәселесі шешіліп, қаражат қарастырылуда. Бекітілген жол картасының 5-тармағына сәйкес, Жамбыл облысының аумағында паспорттауға (тексеруге) жататын объектілердің тізбесі бекітілді. Нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандар аумағындағы әлеуметтік нысандарды сырттай қарау қорытындысында 60 нысан анықталды (Тараз қаласы – 7, Байзақ – 2, Жамбыл – 2, Жуалы – 23, Қордай – 2, Мойынқұм – 2, Меркі – 2, Сарысу – 2, Талас – 14, Шу – 4). Бүгінгі күнге 60 нысанның ішінен 36 нысанға сейсмоқорытынды жасалып, 28 нысанға сейсмокүшейту (Жамбыл – 1, Жуалы – 9, Мойынқұм – 2, Меркі – 2, Талас – 10, Шу – 4), 8 нысанды бұзу жұмыстары атқарылды (Жамбыл – 1, Қордай – 2, Сарысу – 1, Талас – 4). Қалған 24 нысанға сейсмоқорытынды жасалуда (Тараз қаласы бойынша – 7, Жуалы – 14, Сарысу – 1, Байзақ – 2). Жол картасының 7-тармағына сәйкес, нысандардың электрондық паспорттары әзірленіп, объектілерді паспорттау және оларды геоақпараттық жүйеге байланыстыру үшін, геопортал платформасы е-jambyl.kz домендік атаумен, архитектура қабатының (слой) ішінде сейсмикалық нысандар деген бөлім ашылып, анықталған нысандардың сипаттамасымен (кесте әзірленіп) ашық контурға орналастырды. Бұл ретте, Қазақстан аумағын жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу және өңірді егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру қолданыстағы карталары тек шолу карталары болып табылады және объектілерді жобалау мен салу кезінде пайдалануға мүмкіншілік бермейді. Бұл өз кезегінде халқының саны 30 мың адамнан асатын, 8-9 балдық сейсмикалық аймақтарда орналасқан қалалар (Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу) үшін микросейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеуді талап етеді.

Арман АБДЕШОВ, облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар