Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ескі жүйе келмеске кетті

Ескі жүйе келмеске кетті
ашық дереккөз
Ескі жүйе келмеске кетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне сүбелі сұхбат берді. Ел ертеңі бойынша, мемлекетіміздің дамуы хақында маңызды мәселелерге тоқталды. Президент «Елдегі түбегейлі саяси жаңғыру үдерісі жалғасады» деді. Қасіретті Қаңтардың сабағы – Ата заңға сәйкес жұмыс істейтін орнықты әрі тиімді мемлекеттік институттар жүйесін құру қажет екені. 2019 жылдан бері суперпрезидентке тән өкілеттіктер жойылып, конституциялық реформа жүзеге асты. Сайлау жүйесі, саяси партиялар, Парламент туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Конституциялық Сот қайта құрылды. Реформаның басты мақсаты – барынша әділ және теңгерімді саяси жүйе құру. Мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің сақталуын толық қамтамасыз ету. Бейбіт шерулерге тыйым салынбайды, бірақ жаппай тәртіпсіздіктің кез келгеніне тосқауыл қойылады. Елде заң мен тәртіп қана үстемдік құрады. Ең бастысы, «ескі жүйе келмеске кетті», саяси реформалар түбегейлі сипатқа енді. Адамзатқа алдымен денсаулық, сосын білім керек. Еліміздің түкпір-түкпірінде денсаулық сақтау нысандарының, білім беру ошақтарының салынуы, «Жайлы мектеп» бағдарламасының іске асып жатқандығы қуантады. Бұл шәкірттеріміздің білімді, білікті болуына деген үлкен сенім, үлкен үміт. Үлкен қуаныштың бірі – Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлудің реттелгендігі. Медицина қызметкерлері мен мектепте, колледжде, балабақшада жұмыс істейтін педагогтардың жалақысы өсті. Зиянды еңбек жағдайында тер төгетін отандастарымызға арнап төлемақы енгізілгенін көптен күткен оң шешім деп санаймын. Бұл мақаланың ерекшелігі – сіз бен біздің замандастарымыз, осы оқиғалардың куәгерлері. Бұл процестер біздің көз алдымызда болды және болып жатыр. Мақалада қазіргі заманның күн тәртібінде тұрған қоғамның көптеген сұрақтары мен сұрауларына жауап берілген.

Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар