Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТАБЫСТЫ ЖАСЫРУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ТАБЫСТЫ ЖАСЫРУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
ашық дереккөз
ТАБЫСТЫ ЖАСЫРУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Биылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Жалпыға бірдей декларациялау Ұлт жоспарының 42-қадамымен 2021 жылдың 1 қаңтарында басталған болатын. Осыған байланысты Салық кодексіне 71-тарау – «Жалпыға бірдей декларациялау» өзгеріс ретінде қосылып, бұған 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу жоспарланған. Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияларды мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды. Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсырды. Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі. Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары өтеді. Жалпыға бірдей декларациялаудың басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күресіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыра отырып, ел бюджетін толықтыру. Сонымен қатар ұсталынатын табыс салығының толықтылығы мен мерзімділігін жаппай қадағалау, заңсыз табыс мөлшерлерін айқындауға бағытталған. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Уалихан Әлібековтің айтуынша, 250.00 нысаны (кірістер мен мүлік туралы декларация), яғни активтер мен міндеттемелер туралы декларация жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынылады. Сонымен қатар осы нысанды мемлекеттік лауазымға ие немесе оған теңестірілген функцияларды орындайтын лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары тиісті органның актісі шығарылғанға дейін кірістер органдарына тапсыруға міндеттеледі. – Бұл нысанда көрсетілуі тиіс ақпараттар жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, жер үлестерін, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер, барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ҚР тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасы, ҚР тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі кіреді. ҚР тыс жерлердегі мүлік, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық ҚР Бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша деректері көрсетілуі тиіс, – дейді Уалихан Құланқадырұлы. Сондай-ақ У.Әлібеков 270.00 нысаны жалпыға бірдей декларациялау жүйесі басталған жылдан кейінгі жылдары жыл сайын ұсынылатынын айтады. Декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістері туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлерде алған кірістері де бар), мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алғаны немесе иеліктен шығарғаны туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлердегі мүлік те бар) ақпараттар көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа декларацияда жеке тұлғалар есепті салық кезеңі ішінде, жылжымайтын мүлкі (пәтер, үй, жер учаскесі), механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер және тағы басқалары), инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алуға жұмсаған шығындары туралы мәліметтерін көрсетуі қажет. Декларациялау иелігінде уақытша тұрған меншік мүліктері көрсетілуге жатпайды. Айта кетейік, декларациялар 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылады. Электронды түрде – «Салық төлеушінің кабинеті», Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшасы арқылы, ал қағаз тасығышта – мемлекеттік кірістер органдарына тапсыра алады. Сондай-ақ декларацияны ұсына отырып, жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы міндетті емес, бірреттік SMS құпиясөз арқылы есептілікке қол қою мүмкіндігі іске асырылған. Декларацияны уақытында ұсынбағандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 272-бабының негізінде мемлекеттік кірістер органы жауапкершілік қарайды. Декларациялау рәсімі барынша жеңілдетілген. Жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін «1414/3» бірыңғай облыстық нөмір платформасында салық және кеден мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылған. Толық ақпаратты комитеттің сайтындағы «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінен алуға болады.

Ақтоты Жаңабай

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар