Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Даналық

Даналық
ашық дереккөз
Даналық
Алға жүзген кемем мол, Тағылым боп тереңдер. Димаш ата – тағылым, Димаш ата – кемеңгер!   Тауын, тасын, өзенін, Сүйді салып өзегін. Жүрегіне сыйдырды, Ұлан-байтақ өз елін.   Жайын білді малшының, Таудың көрді әр шыңын. Ен даланы аралап, Айтты еліне бар сырын.   Жүрді талай егісте, Жүрді талай өрісте. Еңбеккермен бір жүріп, Көңіл бөлді әр іске.   Жақсы көрді даланы, Салды қырық қаланы. Әкесіндей қамқор боп, Ұнатты әр баланы .   Айнымаған ақ жолдан, Көңіліне сөз қонған. Тура сөйлеп әрқашан, Қара қылды қақ жарған.   Даналыққа сай болған, Қазаққа Күн, Ай болған. Әр қазақтың ақылшы, Әкесіне айналған.   Тұла бойы кісілік, Тұла бойы кішілік. Жүрді қамқор көңілмен, Бар қазақты түсініп.   Мектептерге көп барған, Жас ұрпақпен мақтанған. Әзиз Димаш атамыз, Елді әділ басқарған.   Әр жұмысы дастандай, Әр қадамы асқардай. Жүре алмайды қазағы , Қонаевын еске алмай.   Елдің жайын  жүз біліп, Жанарында күз күліп. Дінмұхамед атаның, Бір есімі – ізгілік.   Ізгі жолдан нәр алып, Өнеге боп таралып. Жүрген Димаш атамның, Екінші аты – даналық!   Инабат ТӨЛЕБАЕВА, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы, Байзақ ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар