Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Иттің етін жеуге тыйым салынды

Иттің етін жеуге тыйым салынды
ашық дереккөз
Иттің етін жеуге тыйым салынды

Оңтүстік Кореяның Парламенті иттің етін жеуге тыйым салатын заңды қабылдады.

Заң бойынша итті тағам ретінде қолдану үшін өсіруге, сондай-ақ оның етін жеткізу мен сатуға тыйым салынады. Заң жобасы былтыр қаралып, ел президентінің қол қоюына ұсынылған болатын. Ендігі кезекте мемлекет басшысы Юн Сок Ел мен Министрлер кабинеті заңға қол қойғаннан кейін қолданысқа енеді. Кейінгі кезекте заңнан зардап шегетін кәсіпорындарға Үкімет қаржылық қолдау көрсететін болады.

Соңғы дерекке қарағанда, Кореяда ит өсіретін 3 500-ге жуық ферма тіркелген. Олар елдегі 3 мыңға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз еткен. Дегенмен былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде ересек адамдардың 64 пайызы иттің етін жеу дұрыс емес деп санаған.

Айта кетсек, Қазақстанда әрбір жануарды жеуге рұқсат беретін нақты заң болмағанмен, арнайы санитарлық норма бар. Ит-мысық сою фактілері де Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша қаралады. Бұл ретте тамақтану орындарына ит сойып сатып жүрген ақмолалықтан 1 тоннадай ет тәркіленгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ Алматы облысында ит соятын орын табылған болатын.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Қасқырдың қулығы
Алдыңғы мақала
Қасқырдың қулығы

Ұқсас жаңалықтар