Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
ашық дереккөз
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті. Біз жоба қатысушыларының жоғары бағасын алдық! Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-29 қаңтар аралығында өтеді. Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады. Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды және т.б. үйренесіз. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау жолдарын түсіндіреді. Барлық құжаттарды емайлға жіберіңіздер: kzulydala@gmail.com және ulydalaorg@gmail.com Оқыту толығымен тегін.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар