«Көліктегі қауіпсіздік» акция
Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2024 жылғы 08-12 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 08-не №№19,55 орта мектептерінің оқушыларымен Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаева, Тараз қаласы «Тараз сервис және технология колледжі, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің білімгерлерімен Шолдала станциясының бастығы З.Байымбетова және Әскерилендірілген теміржол күзетшілері Б.Қазбеков және Қ.Қаңлыбаевпен бірлесіп, профилактикалық іс шаралар өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты - Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде поездардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс - тұрыс ережелерін ескерту, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алуы, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу, сонымен қатар оларға теміржолдағы қауіпсіздікті ережелерін лэт экранда видео роликтер көрсетіліп, брошуралар таратылып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Келесі мақала