Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Сұр жебе» оқырманға жол тартты

«Сұр жебе» оқырманға жол тартты
ашық дереккөз
«Сұр жебе» оқырманға жол тартты
Белгілі ғалым, жазушы-журналист Меңдібай Әбілдің «Сұр жебе» роман-эпопеясының «Айбалта» атты бірінші кітабы жарық көрді. Аталған кітап Тараз қаласындағы «Формат-Принт» баспасынан 500 таралыммен оқырманға жол тартты. Романда Сақ дәуірінің тарихи тұлғалары Алып Тарғытай, Алып ЕрТоңға, Зарина патшайым, Алып Ішбақай және Тұмар патшайым бейнелері сомдалып, сақ-массагеттердің сыртқы жауларға қарсы күресі сипатталады. Сонымен қатар сақтардың салт-дәстүрлері, аласапыран кезеңдердегі тұрмыс-тіршілігі, сақ алыптарының туған жерді қорғау жолындағы күресі баяндалған бұл роман-эпопеяның енді «Семсердің жүзі», «Алтын садақ», «Қалқан» деп аталатын нұсқалары да жақында жарық көрмек. Бұл кітапты, шын мәнінде, ел жастарының рухани қазынасы деуге болады. Өйткені кешегі Кеңес одағы кезінде жазушы-ақындарды социалистік реализм тығырыққа тіреді. Олардың бәрін бір соқпақтың ішінен шыға алмайтын халге жеткізген болатын. Оның үстіне ол кезде қазақ халқының тарихы толық жазылмады. Соның салдарынан жерімізден ежелгі сақтардың жәдігерлері табылса да баса мән берілмей келді. Ал енді қолымыздағы «Айбалта» романында сақтардың патшалары мен патшайымдарының балалық, жастық шақтары көңілге қонымды, қызықты түрде баяндалады. Оның үстіне роман бұрынғы соцреализм әдісімен емес, сақтар туралы жазылған бай мәліметтер аясында еркін, көсіліп жазылған. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Тағайындау
Алдыңғы мақала
Тағайындау

Ұқсас жаңалықтар