Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді
- author AR-AY
- 3 қаңтар, 2024
- 285

Қасым-Жомарт Тоқаев: Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді
«Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген», - деді Президент «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық газетіне берген сұхбатында.
«Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым. Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым», - деді Мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025