Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қуанса, бала қуансын!

Қуанса,  бала қуансын!
ашық дереккөз
Қуанса, бала қуансын!
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жаңа жыл кешінің қызықты оқиғасы» деген атаумен облыс әкімінің жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Дәстүрлі мерекелік шараға аудандар мен Тараз қаласынан, арнайы мектеп-интернаттардан, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 балақай қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар көрсетіліп, әннен шашу шашылды. Балалар жасыл шырша маңында өнер көрсетіп, қатарластарын қуантты. «Жаңа жыл» әнімен басталған іс-шарада Ақшақар, Жасмин, Алладин шығып, мереке көркін қыздырды. Маша мен аюдың көрінісі балаларға ерекше әсер етті. «Туби-дуби», «Флеш моб» ойынына белсенді қатысқан балалар «Клуондар», «Джаз», «Ақ ұлпалар» биіне қосыла биледі. Жаңажылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, бірге биледі. Жаңажылдық думанда жүздері бал-бұл жанған балаларға облыс әкімінің құттықтау хаты, тәттілер жиынтығы және 60 мың теңге сомасындағы сертификаттардан құралған жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара соңында кеш қонақтары безендірілген шырша жанында ертегі кейіпкерлерімен бірге фотоға түсті. Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесі аясында аудандардан келген жеткіншектерге арналған экскурсия ұйымдастырылды. Балақайлар Тараздың көрнекті жерлерін аралап, қаламызбен танысты. Атап айтсақ, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде, «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешені алаңында орнатылған әсем шыршамен суретке түсіп, қуанып қайтты. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар