Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда «Бизнеске жол» жобасы аясында 400-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбылда «Бизнеске жол» жобасы аясында 400-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды
ашық дереккөз
Жамбылда «Бизнеске жол» жобасы аясында 400-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді. «Бизнеске жол» жобасы басталғаннан бері департамент пен кәсіпкерлер палатасы 400-ге жуық кәсіпкерің құқықтарын қорғап, 24 кейс оң шешімін тапты. Шешілген кейстердің нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлға (ескертулер – 3, сөгіс – 5) тәртіптік және 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, салық органдарының қызметкерлері тарапынан салықтық тексерулерге жасаған заңсыз нұсқамасы анықталды. Департамент енгізген ұсыныстан соң Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы аталған нұсқаманы жойды. Бұл бизнес субъектілерін заңсыз салықтық тексерулердің алдын алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, талдау қорытындысы бойынша 24 бизнес субъектісінің банктік шоттарына заңсыз қойылған шектеулер алынып тасталды. 57 кәсіпкер эмиссиялар үшін операторлар тізімінен шығарылды, нәтижесінде 81 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Осылайша, департамент Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырып, жалпы сомасы 1,2 млн теңге (қысқартылған тәртіппен) айыппұл салынды.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар