Жаңалықтар
Жамбылдық Антикор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарын қорғады
- author AR-AY
- 26 желтоқсан, 2023
- 192
Жамбылдық Антикор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарын қорғады
«Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру саласына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 16 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдаудан негізсіз бас тартқаны анықталды. Өтінімдерді қабылдамауға бұрын алынған несиелердің төлем мерзімін кешіктергені себеп болған. Департаменттің ұсынымынан кейін аталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері қайта қаралып, өтінімдер қабылданды.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.
Сондай-ақ, 10 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты қаражаттың нысаналы мақсатын растауға фискалдық чек ұсынбағаны үшін алынған қарыздың 25% мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлегені анықталды. Мониторинг ұсынымы бойынша айыппұл салу туралы жіберілген хабарламалар жойылды.
Одан басқа, мониторинг барысында 154 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидияламағаны анықталды. Мұның себебі ақпараттық жүйелердегі шарттардың жойылуы.
Департаменттің ұсынымынан кейін ауыл шаруашылығы басқармасы шарттарды қалпына келтіру бойынша шараларды жүзеге асырып, (кредиттік серіктестіктер: Дихан, Жуалы, Мерке, Әулие ата, Қордай, Шу және Саудакент) нәтижесінде кредиттік серіктестіктерге 24,2 млн теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024